<![CDATA[]]> http://meirzhan.yvision.kz/feed/ Tue, 21 Nov 2017 15:46:40 +0600 https://yvision.kz/images/userpics/meirzhan-normal.jpghttp://meirzhan.yvision.kz all rights reserved Zend_Feed мысли. Не көрдім?Қазіргі адамдар қандай өзі?!
Бүгін бір оқиғаға куә болдым. Басында құлақпен естіп, кейін көзбен көрдім. Бұрында кабинетте отырып, коридордағы әйел адам мен ер адамның айқайын 1-2 рет естігенім бар. Таңдандым да қойдым. Таңданғаным, әйел адамдардың емес, ер адамның әйел адаммен ұрысқанынан. Бүгін «бұл кімдер екен» деп жәйлап сыртқа шығып келмекші боп, айқай-шу жаққа барып, көз тастап келдім. Сөйтсем жастары келіп қалған еден жуатын апай мен мұғалім ағай ұрсысып жатыр екен. Кәдімгідей біріне бірі «кет бар» деп айғайлауда. Өзге әйел мұғалімдер араша түсіп, басу айтып жатыр. Тіпті сол үшін ерлер дәретханасына кіріп кетті, себебі оқиға сожақта өрбіген болатын. Себебін нақты білмедім, сірә, темекі тартуға байланысты шығар. Студенттер бұл заңға бағынғанмен, ұстаздарға бұл заң қатысты емес сияқты.


Еден жуушы апай әсіресе соңғы кезде жүйкесі жұқарып жүрген. Кейде адамдарға қатты-қатты сөйлейтін, флудтайтын да өзге тақырыпқа көшіп. Сөздерінің «бірінде қызымнан кейін ештеңе ойлай алмайтын болдым» деді бізге. Біз қызы қайтыс болған ғой деп топшыладық.
Дегенмен ұстаздар, студенттер бұл мінез-құлық танытуының себебін білмейді. Ал себепсіз салдар болмас. Салдары сол — конфликт болып, ол кісі өзінің «жұмыс бабымен» шелек пен шүберекті корридорға апарды. Онда да ашуы басылмаған, жыны қозған күйі терезе қасында тұрған қыздардың жанына барып, атып жіберердей көзбен қарап, барқ етіп айғайлады: «Немене сандалып жүрсіңдер?!» деп. Орыс тобының қыздары қайтуші еді, ол еден жуушы болғанмен шешесімен жасты кісіге: «Нормально здесь ходим, че на нас кричишь то!» деп айғай салды. Апайдың оқыс мінезінің себебін бұл қыздар да білмейді, білуге талпынбайды да, «себебі бар шығар, жаңағы мұғаліммен конфликттен кейін басыла алмай жүр-ау» деген ой миларына кіріп шықпады. Еден жуушы апай өз жұмысын жалғастырып, ағаш таяқпен еденді сүртіп кете барды. Ішінде не ойлар жатқанын ешкім де білмейді. Білгісі келетін жан да бар ма екен. Әркім өз жұмысын істеп шықса болды немесе әркім өзінің жұмыс істеген түр жасаса болды. ]]>
Fri, 28 Oct 2011 02:44:46 +0600meirzhan@yvision.kz (meirzhan)жүйкеконфликтадамдар не боп барадыайғай-шутозған жүйкетүсінбеушілікhttps://yvision.kz/post/201701https://yvision.kz/post/201701
Дебаты. Пожизненные дебатыВсе мы знаем, что в дебатах участвуют школьники и студенты. Большинство из нас погружается в интересеный мир дебатов на первом курсе. Турнир новичков, анализ игр, знакомство с себе подобными помешанными на дебатах. и.т.д. Затем идет второй курс и уже мы учим дебатам новоиспеченных дебатеров. На третьем и четвертом курсы мы не только играем, но и «вершим» их судьбы. В конце четвертого курса мы участвуюм в последних турнирах. Но так не хочется заканчивать. Ведь мы не можем без дебатов. Он для нас уже как наркотик. Но некоторые продолжают участвовать в дебатах, турнирах несмотря на послевузовское образование, работу. Некоторые дебатеры-студенты с неодумением смотрят на это «мол, что не наигрались что ли?!». Вот именно, не наигрались! Разве можно бросить эту игру. Дебаты – больше чем жизнь. Debates larger than life. Дебат өмірден де қымбат. С другой стороны дебаты – это проводник в наше пестрящее интересными событиями студенческое прошлое. А как вы думаете, оправдано ли участие в дебатных турнирах супер-ветеранов, то есть закончивших ВУЗ?

]]>
Thu, 24 Feb 2011 15:46:08 +0600meirzhan@yvision.kz (meirzhan)дебатыветеранынеохота уходитучастие в турнрахшалдарhttps://yvision.kz/post/124279https://yvision.kz/post/124279
Адам-затӘрбір үйде кішігірім болсын кітапхана болуы қажет. Сіздің үй кітапханаңызда мына кітаптың болуы маңызды. Бұл Ғарифолла Есімнің "Адам-зат" деген кітабы. Атынан көрініп тұрғандай Ғарекең екі ұғымды ажыратады адам (рухани болмысы) және адам-зат (физикалық дене). Кітапта адам мен оның өмірі, түрлі категориялар жайлы терең ойлар жазылған. Оқып көріңіздер сіздің рухани сарайыңызды ажарландыра түседі.

]]>
Fri, 22 Oct 2010 21:22:32 +0600meirzhan@yvision.kz (meirzhan)Ғарифолла Есімадам-заткітапhttps://yvision.kz/post/81569https://yvision.kz/post/81569